Қазақстандық шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі

Қазақстандық шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстанның шекарашылары Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен.

  • 30 Қаңтар 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Теміржол ауылы» шекара бақылау бөлімшесінде шекара бақылауын жүргізу барысында шекарашылар Алматы — Жаңасібір бағытындағы №302 поездің вагонынан жапсырғышпен оралған екі дорба тапқан»,- деп хабарлады Шекара қызметінен. Белгілі болғандай, дорбаларда жалпы салмағы 2 кг 400 г құрайтын героин болған.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстанның үш азаматы мен вагонның жолсеріктері — Қырғызстан және өзбекстан азаматтары ұсталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті