Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы «Қызыл ауыл» заставасының шекарашылары 1,5 млн. теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын тәркіледі. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі «УАЗ» автокөлігін мінген екі РФ азаматы мен бір қазақстандық Қазақстаннан Ресейге шекаралық бекетті айналып өтпек болған. Көліктерді тексеру барысында шекара бұзушылар Ресейге жасырын жолмен күнделікті тұтыным тауарларын алып өтпек болғаны анықталды. Іс кеден бекеті қызметкерлерінің тексеруіне тапсырылды.
Батыс Қазақстан облысындағы «Алтай» шекара өткелегінде Қазақстаннан Ресейге 10 ірі қара малды айдап өтуге әрекет жасаған Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Жалпы алғанда өткен аптада Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 265 адамды ұстады.