Қазақстан азаматының иелігіндегі «Ауди-100» автокөлігі Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жаңа жол» шекаралық бекетінде тексеру үшін тоқтатылған. Тексеру барысында автокөлік салонының алдыңғы орындығының астынан декларацияда көрсетілмеген 33,5 мың доллар мен 303 мың ресей рублі шықты. Сондай-ақ, автокөліктен Германияда өндірілген газды тапанша мен оның 6 оғы табылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған 38 жастағы Астана тумасы ҰҚКД-нің қызметкерлеріне табысталды.
Жалпы алғанда шілденің 11 мен 18-і аралығында қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара бұзған 305 адамды ұстады.