Браконьерлер екі бірдей қуатты қайықпен Жылыой ауданына таяу Ремонтная Шалыга деген жерде жүрген. Олардан балық аулау құралдары мен «Магеллан» маркалы навигациялық аспаптар тәркіленді.
Тәртіп сақшылары ау құрылғаны туралы ақпаратты навигациялық жабдық мәліметтерінен алған. Оларды табиғат қаскөйлері құртып үлгермепті.
Бұл Қазақстанның аумақтық суларында браконьерлердің 2006-жылы осымен үшінші мәрте ұсталуы.
«Бекіре -2006» шұғыл профилактикалық шарасының барысында тәртіп сақшылары Каспий теңізінің Қазастанға қарасты бөлігіндегі рейдтер санын көбейтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті