Қазақстандық шекарашылар өткен аптада 25 контрабанда дерегінің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар өткен аптада 25 контрабанда дерегінің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар өткен аптада 25 контрабанда дерегінің жолын кесті

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар өткен аптада 25 контрабанда дерегінің жолын кесіп, 291 шекара және шекера режимін бұзушылар ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Ақпан 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекара маңындағы Сарыағаш шекара отрядның «Дархан» күзет учаскесінде 5 тоннадан астам контрабандалық қара металл тиеген «КамАЗ» жүк көлігі ұсталған. Көлік иесі шекарашыларды көре салысымен Өзбекстан аумағында бой тасалады.

Шекарашылардың хабарлауынша, «Қарқара» шекаралық бақылау бөлімінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға бет алған Қырғызстанның үш азаматы құрықталды. Тінту барысында ұсталғандардың біреуінің белдігінен жалпы салмағы шамамен 2 кг құрайтын гашиш табылды.

Сонымен қатар, «Сыпатай-батыр» (Тараз маңындағы) заставасының шекарашылары мемлекеттік шекара маңынан салмағы 6 кг 600 грамм марихуана салынған сөмке жасырылған құпия орын тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті