Қазақстандық шекарашылар өткен аптада мемлекеттік шекараны бұзған 105 адамды ұстады
Қазақстандық шекарашылар 28-желтоқсан мен 4-қаңтар аралығындағы бір аптада мемлекеттік шекараны бұзған 105 адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан таратылған хабарламада айтылған. Сондай-ақ, контрабандалық 6 әрекетке тосқауыл қойылды. |
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш шекара отрядының жауапкершілігіндегі кедендік тексеру бекетінде аң аулауға арналған 12 калибрлі 600 оқты заңсыз алып өтуге әрекет жасаған Өзбекстан азаматы ұсталды. Декларацияда жазылмаған оқтар Өзбекстан азаматының автокөлігін тексеру кезінде табылды. Осыған қатысты іс полицияға тапсырылды.
Сол күні тағы бір кеден бекетінде шекарашылар Қазақстан шекарасынан 462 грамм марихуананы алып өтпек болған тағы бір Өзбекстан азаматын ұстады.
Тұтқынға қатысты фильтрациялық шаралар жүзеге асырылуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін