Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық  героин тәркіледі

Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық героин тәркіледі

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанның екі азаматынан 1,5 кг жуық героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 5 Шiлде 2007
  • 325
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпартына сәйкес, «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімінде қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық жолмен валюта енгізбек болған Қырғызстан азаматын ұстады. «Көлік пен жолаушының жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар жасағы ұсталғаннан денесіне скотчпен жапсырылған 1 килограмнан астам героин салынған дорбаны тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге «Мерке темір жол» бекетінде Бішкек пен — Екатеринбург арасында қатынайтын №305 поезбен келе жатқан қырғызстандық әйел ұсталды. «Оның заттарының арасынан шекарашылар 470 грамм героин салынған дорба тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті