Қазақстандық шекарашылар Қытайдан 5,5 тоннадан астам етті контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Қытайдан 5,5 тоннадан астам етті контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Қазақстандық шекарашылар Қытайдан 5,5 тоннадан астам етті контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қытайдан 5,5 тоннадан астам етті контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 25 Мамыр 2007
  • 335
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында шекарашылар контрабандалық жолмен тасымалданған 5,5 тоннадан астам етті тапты. «Тиісті құжаттары жоқ және тиісті жағдайда сақталмаған жүкті екі ҚХР азаматы Құлжа мен Алматы арасында қатынайтын бағытты автобуспен Қытайдан Қазақстанға алып өтуге талпынған»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті