Қазақстандық шекарашылар Қытайдың түрмесінен қашқан екі адамды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Қытайдың түрмесінен қашқан екі адамды ұстады

Қазақстандық шекарашылар Қытайдың түрмесінен қашқан екі адамды ұстады

АЛМАТЫ. 27-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Қытайдың түрмесінен қашқан екі адамды ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 27 Маусым 2006
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, қазақстандық шекарашыларға ұрлығы үшін сотталған екі азаматтың Қытай түрмесінен қашып кетені туралы ақпарат келіп түскен. Қашқындар Қазақстан аумағына өтті деген ақпар белгілі болды. Шекара жасағының басшылығы оларды іздестіру шараларын қолға алған.

“Комсомол” заставасының аумағында шекарашылар жасағы Қазақстан аумағына қарай бет алған үш аттың ізін тапты. Шілікті ауылынан бір жарым шақырым жерде шекарашылар қашқындарды қолға түсірді.

Перейти к новостям спорта