Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «КамАЗ» автокөлігімен Оралдан Бүгілмеге бет алған Ресей азаматы «Шаған-автокөлік» өткізу бекетінде ұсталды. «Жүк көлігінің кузовынан есірткілік заттарды дайындауда пайдалануға болатын тұз қышқылының өзгеше түрі табылған»,- деп хабарлайды шекарашылар.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне жүгінсек, тиісті құжатсыз тасымалданған химиялық заттың жалпы көлемі 7,5 литр болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті