Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстаннан Ресейге бет алған “Мерседес” автокөлігі “Ертіс автокөлік” шекаралық өткелегінде тексеруден өту үшін тоқтаған. Тексеру кезінде шекарашылар автокөліктің қос түбі бар жанармай құятын құтысынан 34 килограмм салмағы бар шикі апиын тапты.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Автокөліктің тізгінінде отырған Қазақстан азаматы тұтқындалды.