Қазақстандық шекарашылар тандыр нанның ішіне ірі көлемде валюта жасырып өтпек болған Ресей азаматын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар тандыр нанның ішіне ірі көлемде валюта жасырып өтпек болған Ресей азаматын ұстады

Қазақстандық шекарашылар тандыр нанның ішіне ірі көлемде валюта жасырып өтпек болған Ресей азаматын ұстады

Қазақстандық шекарашылар тандыр нанның ішіне 25 мың доллар мен 224 мың рубль жасырып өтпек болған Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2005
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай шекарашылар жасағының «Тобол-железнодоржный» шекаралық өткелегінде Қарталы (Ресей)- Тобол (Қазақстан) бағытындағы электропоезға отыратын сәтте өзінің өрескел қимыл-әрекеттерімен күдік тудырған Ресей азаматын ұстады. Шекарашылар тінту нәтижесінде жолаушының дорбасындағы тандыр нандардың ішінен фольга қағазына оралған шетел валютасын тапты. Ол Ресейде адал еңбегіммен тапқан ақшаны алып, Алматыдағы туыстарыма кетіп барамын деп түсіндірген.

Тұтқын арықарай тексеру мақсатында кеденнің контрабанда бөліміне табысталды.

Перейти к новостям спорта