Caravan Logo

Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына жасалған екі әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар валюта контрабандасына жасалған екі әрекеттің жолын кесті

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қорғас" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы жексенбі күні жеңіл көлікпен Қытайға бет алған Қазақстан азаматын қолға түсірген. Ол Қытайға 17800 АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған.

Сондай-ақ, сенбі күні "Сырым авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары жеңіл көлікпен Ресейге бет алған Қырғызстан азаматын ұстады. Одан тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген 135 мың рубль табылды. Қазір бұл деректер бойынша тексеру жүргізілуде.