Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысындағы Мерке бекеті арқылы 7 кило героин алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысындағы Мерке бекеті арқылы 7 кило героин алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі

Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысындағы Мерке бекеті арқылы 7 кило героин алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі

Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысындағы Мерке темір жол бекеті арқылы 7 кило героин алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі әкеле жатқан 46 жастағы Тәжікстан азаматы кеше, 30-қарашада Бішкек-Екатеринбург бағыттындағы отарба жолаушыларының құжаттарын тексеру кезінде ұсталған. Ол өзінің әдеттен тыс әрекеттерімен шекарашылардың назарын аударған. Күдіктінің жүгін жіті тексеру үшін иті бар кинолог маман шақырылды. Иісшіл ит жолаушының дүниелері арасындағы есірткіні бірден тапты. Тексеру кезінде күдіктінің бір сөмкесінде қосалқы түбі бар болып шықты. Одан сұр түсті ұнтақ зат табылды.

Сонымен бірге Жамбыл облысындағы «Аспара» шекаралық бекеті маңында тиісті бекеттен өтпей, елге қарай Қырғызстаннан жаяу келе жатқан екі Қазақстан азаматы ұсталды. Олардан 19 кило марихуана тәркіленді.
Аталмыш деректер бойынша тексеру жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта