Қазақстандық шылымқорлар жыл сайын темекіге 70 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шылымқорлар жыл сайын темекіге 70 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды

Қазақстандық шылымқорлар жыл сайын темекіге 70 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды

Жыл сайын қазақстандық шылымқорлар темекі өнімдеріне 72 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсайды,

  • 6 Қараша 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz

деп ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

«Қазір біз үйлердің кіреберісінде, жұмыс орнында, дискотекалар мен түнгі клубтарда темекі шегетіндерді жауапкершілікке тарта аламыз. Биылғы жылы белгіленбеген жерлерде темекі шеккен 25 мыңнан астам адам, кәмелетке толмағандарға темекі сатқан 1 мыңға жуық сауда орындарының өкілдері әкімшілік жауапқа тартылды», — деді ол сейсенбі күні Астанада темекіге қарсы заңдарды жетілдіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде».
«Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар жыл сайын темекіге 72 миллиард теңге жұмсайды екен», — дейді комитет басшысы.
Оның айтуынша, тыйым салынған жерлерде темекі тартқандарға салынатын айыппұл (1 АЕК) «ешкімді де қорқыта алмайды».
Осыған байланысты, ІІМ шылымқорлыққа қарсы заң талаптарын бұзғандарға қолданылатын санкцияларды қатайту туралы ұсыныстар әзірлеп шықты.
И.Лепеха қазіршылымқорлардың өздері ғана жауапкершілікке тартылып отырғанын, ал заңның бұзылуына жол бергендер жауапсыз қалатынын атап өтті.
«Біз бүгін жел диірменмен күресіп отырмыз дер едім. Мысалы, мейрамхана әкімшілігі клиенттердің залда темекі шегуіне жағдай жасап береді. Ал, біз шылымқордың өзін ғана жауапкершілікке тартамыз, ал көңіл көтеру орны мен мейрамхана әкімшілігі ол үшін жауап бермейді», — дейді ол.
«Әкімшілікті жауапкершілікке тарта бастасақ бәрі де дұрыс болады деп ойлаймын», — дейді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар