Қазақстандық спортшы «Мәскеу түбіндегі ұрыс» ережесіз жекпе-жегіне алғаш рет қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшы «Мәскеу түбіндегі ұрыс» ережесіз жекпе-жегіне алғаш рет қатысады

Қазақстандық спортшы «Мәскеу түбіндегі ұрыс» ережесіз жекпе-жегіне алғаш рет қатысады

Қазақстандық жекпе-жек ұрысының өкілі «Алаш Прайд» клубының белді спортшысы ермек Тілеуов «Мәскеу түбіндегі ұрыс» атты танымпал ресейлік турнирге қатысуға дайындалу үстінде. Ол осындай жарысқа бірінші болып қатысқалы отырған қазақстандық спортшы.

  • 17 Ақпан 2013
  • 505
Фото - Caravan.kz

Ермек Тілеуовтің қатысуымен өтетін бұл жекпе-жекті «Ресей 2» телеарнасы 23 ақпан күні аАтана уақытымен 21:45-те көрсететін болады.

«Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында ол өзі туралы, спорттағы жетістіктері, «Алаш Прайд» клубы, алдағы жекпе-жегі жайында сыр бөліскен.

Тараз қаласының тумасы он жыл грек-рим күресімен айналысты. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. Қазір аралас жекпе-жек ұрыс түрлерімен айналысуда.

«Мәскеу түбіндегі ұрыс» — беделді турнир, оған Америка мен Еуропаның күшті ұрыс шеберлері қатысады. Ресейлік жанкүйерлер әзірше қазақстандық жекпе-жек спортшыларын білмейді. «Осы турнирде өз өнерімді ортаға салып, біздің жерлестеріміз де осындай сайыстарға түсе алатынын көрсетсем деймін», — деді Ермек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера