Қазақстандық спортшы Мая Манеза әлем біріншілігінде жаңа рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшы Мая Манеза әлем біріншілігінде жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы Мая Манеза әлем біріншілігінде жаңа рекорд орнатты

Кеше Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде Мая Манеза әлем рекордын жаңартып, Қазақстан қоржынына тұңғыш жүлде - алтын алқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 802
Фото - Caravan.kz

63 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жұлқа көтеруде 105 келіні көтерді. Ал серпе көтеруде ол 143 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Манеза жалпы есепте өзінен кейін тұрған қарсыласынан 7 келі озық шықты. Оның басты қарсыласы түрік қызы Сибель Симсек жұлқа көтеруде Маядан 6 келі артық көтерген еді. Серпе көтеруде қазақстандық спортшыға ілесе алмаған ол күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал қола жүлде қытайлық Юань Сяофанға бұйырды. Ол Симсекпен бірдей көрсеткішке ие болғанмен (241 келі), өз салмағының артықтығы оны 3-ші орынға түсірді.

Қазақстандық Мая Манеза жаңа рекордсмен болумен қатар, осымен екінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера