Оған әлемнің 12 елінен мықты деген спортшылар қатысты. Пауэрлифтинг үш базалық жаттығудан тұрады — ол штангамен жүрелеп отыру, штанганы жатып сығымдап көтеру және тарту. Алексей Федяев 110 келі салмақ дәрежесінде сығымдап көтеруде абсолютті біріншілікті ұтты. 285 келіні көтерген Алексей екі алтын медальді еншілеп, European Power Lifting Congress халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша 2014 жылғы Еуропаның абсолютті чемпионы атанды.
Алексей Федяев спортқа мектепте оқыған кезінен ден қойған. Пауэрлифтингтің бір артықшылығы, онымен кез келген жаста айналысуға болады, дейді 38 жастағы күш иесі. Балқаштағы ең мықты адам «Қазақмыс Смелтинг» ЖШС зауытында балқытушы болып істейді. Күмісті құймаға айналдырады. Алексей Федяев жұмыс пен спорт жаттығуларын бірге оңай алып жүретінін айтады. Ал «Қазақмыс» корпорациясы болса, өз кезегінде спортшыға қажетті қолдау көрсетіп отырады.
«Қазір менің жоспарымда Австрияның астанасы Венада өтетін әлем біріншілігінің алдында жақсы дем алып, оған дайындалу тұр. Біздің жеңістен үміттенуге мүмкіндігіміз мол. Қазақстандық пауэрлифт спортшыларын Америка, Украина, Ресей мен Канада сияқты мықтылар қатарынан санайды», — деп атап өтті Алексей Федяев.