ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының хабарлауынша, қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеге 7 спорт түрі бойынша қатысқан болатын. 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль олжалаған спортшыларымызды бүгін түнгі 21:55-те Алматы әуежайында күтіп алады.
Еске сала кетсек, қазақстандық команда былтырғы олимпиада ойындарында 10 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленген болатын.