Қазақстандық Стив Джобс Ресейде жыл кәсіпкері атанды - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Стив Джобс Ресейде жыл кәсіпкері атанды - БАҚ

Қазақстандық Стив Джобс Ресейде жыл кәсіпкері атанды - БАҚ

Қазақстанның тумасы Серікбай Бисекеев Ресейде «Жыл кәсіпкері» сыйлығына ие болды.

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz

Санкт-Петерборда тұратын біздің отандасымыз «Форбс» тізіміне іліккен компанияларға өз қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құрды. Бұл туралы «Экспресс К» газетінде жарық көрген «Казахский Стив Джобс с берегов Невы» атты мақалада жазылды.

«Жыл кәсіпкері» тәуелсіз халықаралық сыйлығын Серікбай Бисекеев әлемдегі ірі консалтинг компаниясы — «Эрнст энд Янг» сарапшыларының бірінен алды. Серікбай Бисекеев жоғары технологиялық корпорацияны қалай құру екенін біледі. Бір кездері ол сөрелерде ұялы телефондарды сатумен айналыса бастаған.

Серікбай ұялы телефондардың сатылымынан бизнестің басқа түріне ауысып кетті. Ол Ресейге өндірістік кәсіпорындар үшін заманауи диспетчерлік байланыс жабдықтарын жеткізе бастады. Сол кезде барлық ірі зауыттар мен фабрикалар кеңестік техниканы пайдаланған кезең болды. Заман ауысып, жаңа техникалар мен мүмкіндіктер пайда болып, ақпарат алға жылжыған кезеңді Бисекеев өз пайдасына жаратып, ұтымды пайдалана білді.

— Өндірістік халықаралық брендтерді сатумен айналысуда, атап айтқанда 5 жылдың ішінде біз Ресейдің «Лукойл», «Сургутнефтегаз», «Новатэк» және қазіргі «Роснефть», «Газпром нефть», «Сибур» және т.б. осы сияқты ірі кәсіпорындарына қол жеткізіп, өзіміздің қызметтерімізді ұсынып, көрсете алдық, — деді бизнесмен.

Ал 2005 жылы Бисекеев диспетчер байланысы үшін жабдықтардың жеке маркасын құруды шешті. Өз мақсатына жеткен ол тек қана Ресейде ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде бәсекелестікке қабілетті өнім шығара алды. Жуырда Серікбай Бисекеев Франкфурт пен Делиде тағы да екі бірлескен кәсіпорын құрды.

Серікбай өзінің туған жері туралы еш ұмытқан емес. Бизнесмен Қазақстанның жоғары технологиялық өнімдерді шығарып, әлемдік нарықтарды бағындыруға әлеуеті зор екендігіне сенімді. Ол қазіргі уақытта тың идеяларды іздестіру үстінде.