Қазақстандық студент Қытайда өмір бойы түрмеге жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық студент Қытайда өмір бойы түрмеге жабылды

Қазақстандық студент Қытайда өмір бойы түрмеге жабылды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының бір университетінде оқып жүрген қазақстандық студент аса қауіпті есірткі заттарын сақтағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылды,

  • 7 Қараша 2012
  • 795
Фото - Caravan.kz

деп жазады «Мегаполис» газеті.

Сөйте тұра, басылым отандасымыздың не аты-жөнін, не қашан және қалай сотталғанын ашып жазбайды. «Мегаполистің» жазуынша, тек былтыр ғана Қытайда есірткі үшін алты отандасымыз тұтқындалған. Сонымен қатар, 2011 жылы Қытайдың көші-қон полициясы заң бұзды деген айыппен Қазақстанның 6 студентін қайтарып жіберген, ал биыл ондайлардың саны 3-еу болған.

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің білім жөніндегі кеңесшісі Мұрат Исмағамбетовтің айтуынша, бұл елдегі біздің жастарымыздың оқу үлгерімі мақтанарлықтай емес. Төбелес, мас күйінде көлік айдау, заңсыз кәсіпкерлік сияқты бұзақылықтар олардың үйреншікті ісі деуге де болады. Елшіліктегілердің айтуынша, былтыр жазда қазақстандық бір студент электрмопедпен апатқа ұшырап, бір ай бойыес-түссіз жатқан. Оның бассүйегінің бір бөлігін алып тастап, миына екі рет ота жасауға тура келген. Кейіннен Қазақстанға қайтарылған.

ҚХР Білім министрлігінің мәліметінше, ол елде қазір 8 мыңнан астам қазақстандық оқып жүр. Консулдық тіркеуде 2900 адам бар. Дипломаттардың айтуынша, мұның кесірі көптеген қазақстандықтардың өздері туралы жалған немесе толық емес ақпарат беретіндігінен екен. Сонымен қатар, қазір шетелге оқуға жіберумен туристік фирмалар да айналыса бастады. Ал олар ақшасын алса болды, баланың шетелде өзін қалай ұстау керектігін үйретіп жатпайды дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың көктемінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған 4 қазақстандық азамат туралы хабарлаған болатын. Басында БАҚ оларды өлім жазасы күтіп тұр деген ақпарат таратқан еді. Соңын ала министрлік мұның жалған екендігін, азаматтарымыздың өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын, ал өлім жазасы туралы сөз болмағандығын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар