Жарияланды: 510

Қазақстандық студенттер ІТ технология саласы бойынша халықаралық сертификат алады

Бүгін Алматыда ІТ саласы бойынша білім алушы студенттерді әлемге белгілі Carnegie Mellon (iCarnegie, USA) университетінің мамандары сертификаттаудан өткізеді.

Аталған сертификаттау - болашақ ІТ сала мамандарын әлемдік деңгейге сай дайындау, қазақстандық білім саласын әлемдік білім деңгейін жақындату мақсатында жүзеге асырылып отыр. iCarnegie сертификаты бүкіл әлемде мойындалған. Оның иегерлері әлемнің кез келген мемлекетінде ІТ саласы бойынша қызмет істей алады. Бүгінгі сертификаттау қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер де алғаш рет осы құнды құжатқа қол жеткізбек. iCarnegie, Carnegie Mellon (USA, Pittsburgh) өкілдерін Қазақстанға Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті шақырып отыр. Олардың бұл саладғы әріптестігі 2009 жылдан басталған. Бүгінгі шара барысында сертификациядан өтетін студенттердің басым бөлігі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін