Аталған сертификаттау — болашақ ІТ сала мамандарын әлемдік деңгейге сай дайындау, қазақстандық білім саласын әлемдік білім деңгейін жақындату мақсатында жүзеге асырылып отыр. iCarnegie сертификаты бүкіл әлемде мойындалған. Оның иегерлері әлемнің кез келген мемлекетінде ІТ саласы бойынша қызмет істей алады. Бүгінгі сертификаттау қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер де алғаш рет осы құнды құжатқа қол жеткізбек.
iCarnegie, Carnegie Mellon (USA, Pittsburgh) өкілдерін Қазақстанға Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті шақырып отыр. Олардың бұл саладғы әріптестігі 2009 жылдан басталған. Бүгінгі шара барысында сертификациядан өтетін студенттердің басым бөлігі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері.