Қазақстандық студенттер SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық студенттер SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады

Қазақстандық студенттер SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады

Қазанның 3-5 күндері Малайзияныің Куала-Лумпур қаласында өтетін студенттік ұйымдардың SIFE Бүкіләлемдік кубогына қатысады.

  • 26 Қыркүйек 2011
  • 345
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын Қазақстанның ұлттық чемпионатының 3 дүркін чемпионы атанған Алматыдағы Халықаралық бизнес университтінің командасы қорғамақ. Олар бұл дүбірлі додада өздерінің «Барлық қолдың шеберлері», «Green», «Kids», «E-Future», «Economic Opportunity»деген сияқты ең сәтті жобаларын ұсынғалы отыр.

SIFE («Students in free enterprise» — Студенттер еркін кәсіпкерлікте) коммерциялық емес халықаралық ұйымы 1975 жылы АҚШ-та құрылған болатын. Бизнес көшбасшылары мен жоғары оқу орындарымен жұмыс жасайтын бұл ұйым студенттерді өз елдеріндегі экономикалық ахуалды өзгертуге жұмылдыруға бағытталған.