Қазақстандық судьялар мен шетелдік сарапшылар Қарағандыда семинарда бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық судьялар мен шетелдік сарапшылар Қарағандыда семинарда бас қосты

Қазақстандық судьялар мен шетелдік сарапшылар Қарағандыда семинарда бас қосты

2-3 маусым күндері Қарағанды облыстық сотының оқу орталығында «Шетелдік субъектілердің қатысуымен тасымалдау және халықаралық экспедициялар келісімшарттарының өзекті мәселелері. Халықаралық үдеріс» деген тақырыпта халықаралық семинар өтті.

  • 3 Маусым 2011
  • 417
Фото - Caravan.kz

Семинарға республикамыздың мамандандырылған экономикалық соттарының судьялары, Жоғарғы сот судьялары, USAID жобасының және Еуроодақтың «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» жобасының сарапшылары қатысты. Семинарға қатысушылар халықаралық тасымалдау және көлік экспедициялары саласындағы заңнамаларды жетілдірудің жолдарын талқылады.

Бұл тақырыптың өзектілігі Кеден одағының дамуымен және Қазақстан экономикасындағы ықпалдастық үдерістермен байланысты, деп атап көрсетті қатысушылар өз сөздерінде.

«Әлемдік экономикаға терең ықпалдаспаса, Қазақстанда нарықтық экономиканың қарқынды дамуы екіталай. Қазіргі таңда көлік инфрақұрылымының дамуынсыз, ұлттық көлік жүйелері мен онымен байланысты мәселелерді құқықтық реттеусіз, сауда-саттықтың дамуын елестету мүмкін емес», — деді семинарды ашқан Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров.

Халықаралық семинар Жоғарғы төрелік, шаруашылық, экономикалық және ТМД елдерінің экономика саласындағы даулар бойынша істерді шешетін басқа да соттардың төрағалары кеңесінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі №65 шешімін орындау мақсатында өткізіліп отыр.

Семинарға қатысушылардың пікірінше, экономикадағы ықпалдастық үдерістер отандық және шетелдік кәсіпорындардың арасындағы даулардың артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан да, соттар оған дайын болулары керек.

Семинардың қорытындысы бойынша ұсыныс-кеңестер қабылданып, олар ТМД аясындағы халықаралық келісімшартты әзірлеушілерге беріледі. Семинарды АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен ҚР Жоғарғы соты ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар