Қазақстандық тәртіп сақшылары 3 кило героинді заңсыз айналымнан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық тәртіп сақшылары 3 кило героинді заңсыз айналымнан шығарды

Қазақстандық тәртіп сақшылары 3 кило героинді заңсыз айналымнан шығарды

ҚР ІІМ органдары екі күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы 3 кило героин алып өтуге әрекет жасаған екі есірткі тасушыны ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен бүгін, 18-мамырда хабарлады.

  • 18 Мамыр 2005
  • 339
Фото - Caravan.kz

17-мамырда Астана станциясы Желілік ішкі істер бөлімінің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері Астана-Киев поезының жолаушысын ұстады. Алматыда бір ЖШС-ін басқаратын тұрғыннан тінту кезінде 2,04 кило героин тәркіленді.

Ал 16-мамырда Алматы-1 станциясының Желілік ішкі істер бөлімінің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері Алматы-Новосибирск поезының жолаушысын тұтқындады. 55 жастағы Қазақстан азаматы 1,011 кило героин алып өтуге әрекет жасаған.
Бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Перейти к новостям спорта