Қазақстан өкілі ретінде аталған көрмеде «KAZNEX INVEST» «Экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ-ның септесуімен тау шаңғысы киімін өндіру бойынша «КАЗСПО-N» қазақстандық компаниясы қатысты. Компания «ZIBROO» тауар белгісін таныстырды.
«Ski Build Expo — шаңғы салоны» — бұл туризм, тау шаңғысының құрылысы мен спорттың белсенді түрлеріне арналған Ресейдегі танымал әрі ірі көрме.
«Аталған көрмеде «КазСПО-N» қазақстандық компаниясы өз өнімдерін, тау шаңғылары мен сноубордқа арналған спорт киімдерінің жаңа желісін таныстырды. Біз РФ-ның 12 аймағына өз өнімдерімізді жеткізіп, Ресей нарығына ендік. Осы көрмеде біз «Ski Go» швед компаниясымен келісімшартқа отырдық, енді Еуропа нарығына шыға аламыз. Сонымен бірге, біз спорт киімдерін шығаратын Ресей компанияларымен («Роза ветров» және «Сити-спорт» келісімге қол қойылды. Соңғы компаниямен біз 1 млн. долларға келісімшарт бекіттік», — деп хабарлады «Zibroo» брендінің директоры Остапенко Марина.



