өткен «Ресейдегі жүздесулер» атты ТМД және Балтық жағалауы елдері орыс театрларының XIV халықаралық фестиваліне қатысты.
Фестиваль елордалық театрдың өнері театр сыншыларының қызу талқылауына түскен айтулы оқиға болды. Әділқазылардың шешімімен, «Панночка» қойылымы ең үздік спектакльдердің қатарына енді.
Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында театрдың бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Пармановтың атап өткеніндей, Еуразиялық Одақ идеясын қолдауға арналған биылғы фестивальға Италия, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Ресей, Латвия, Эстония, Израиль және Қазақстанның театрлары қатысты.
«Ресейдегі жүздесулер» фестивалінің халықаралық әділқазылар алқасында Элеонора Макарова (Мәскеу), Екатерина Павлюченко (Санкт-Петербор), Павел Руднев сынды атақты театр сыншылары болды.
«Бұл жолы астаналықтар көпшілік назарына Н. Гогольдің әйгілі «Вий» повесі негізіндегі Нина Садурдың «Панночка» философиялық триллерін ұсынды. Танымал ресейлік режиссер Леонид Чигиннің ұсынуындағы «Панночка» қойылымы — бұл мейірімділік пен зұлымдық туралы мұңды және терең ойлы оқиға желісіне құрылған. Бірақ оның ең басты өзегі — сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес махаббат сезімі туралы.
«Фестиваль барысында 14 спектакль қойылды. Олардың барлығы кіші және үлкен залдарда бір уақытта өтіп жатты. Олардың барлығы бірінен-бірі өткен қойылымдар болатын», — дейді режиссер.
Сонымен қатар, театр ұжымы Мәскеу қаласындағы Ресей театр қайраткерлері одағының шеберлік сабақтарына қатысты. «Современник» және «Ленком» театрларының қойылымдарын, «Золотая Маска» Ұлттық театр сыйлығының салтанатты жабылу кешін тамашалауға және аттары аңызға айналған ресейлік режиссерлармен кездесуге мүмкіндік алды.