Қазақстандық темекішілерді темекі орамына жасырылған-мыс ұтыстармен алдап соғуда - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық темекішілерді темекі орамына жасырылған-мыс ұтыстармен алдап соғуда

Қазақстандық темекішілерді темекі орамына жасырылған-мыс ұтыстармен алдап соғуда

Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық темекішілерді темекі орамына жасырылған-мыс ұтыстармен алдап соғуда. Бұл туралы Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының президенті Светлана Савченко бүгін өткен бспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Алдау амалы мынадай : тұтынушы темекінің орамының ішінен қымбат автокөлік ұтып алғаны туралы қосымша хабарламаны тауып алады. Онда сыйлықты алу жайын талқылайтын ұялы телефон нөмірі көрсетілген.

Телефон нөміріне хабарласқан адамнан қандай маркалы темекінің орамынан қосымшаны тапқанын сұрайды. Бұдан кейін тұтынушыға тиісті темекі компаниясының факс нөмірін беріп, оған төлқұжат, ӘЖК, СТН мәліметтерін беруді өтінеді. Автокөлікті «жеңімпаздың» аты рәсімдеу үшін қажет деген сылтау алға тартылады.

Ұялы телефонға екінші мәрте хабарласқан кезде тұтынушыдан 1,5 мың доллар немесе одан сәл аз соманы белгілі бір есепшотқа аударуды сұрайды. Автокөлікті «жеңімпаздың» аты рәсімдеу үшін қажет деген сылтау тағы да алға тартылады. Ақша аударылған соң ұялы телефонның нөмірі үнсіз қалады.

«Қаржы полициясына шағымданған кезде бұл есепшоттардың 1-25 күн ғана жұмыс істейтіні мәлім болды. Оларға белгілі бір көлемде ақша аударылған соң олар бірден жабылады. Бұл есепшоттар көп жағдайда тұрғылықты жері жоқ кезбелердің атына тіркелген болып шығады», — деді С. Савченко.

Оның айтуынша, тұтынушылар лигасы мен құқық қорғау органдарына ел бойынша 500-ден астам адам шағымданған. Алаяқтық оқиғалары Атырау, Ақтау, Петропавловск, Шымкент, Орал және Алматыда тіркелген. Бүгінге дейін бір ғана күдікті ұсталған, алайда ол қаңғыбас адам болып шықты, оның атына банкте есепшот тіркеліпті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті