Қазақстандық теміржолшылар 1–қыркүйектен бастап қысқартылған жұмыс аптасына көшпек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теміржолшылар 1–қыркүйектен бастап қысқартылған жұмыс аптасына көшпек

Қазақстандық теміржолшылар 1–қыркүйектен бастап қысқартылған жұмыс аптасына көшпек

Қазақстандық теміржолшылар 1–қыркүйектен бастап қысқартылған жұмыс аптасы режиміне көшпек,

  • 13 Тамыз 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады республика теміржолшылары кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаев.

"Қазір біздің салада жағдай аздап нашарлап отыр, тасымалданатын жүктің көлемі азайды, біз шығындарымызды қайта қарауға тиіспіз. Жұмыс орындарын қысқартпас үшін  компания басшылығымен толық емес жұмыс аптасы режиміне көшуге келістік», деді ол.
Қысқартылған апта 2015 жылдың 1-қыркүйегінен 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болмақ.
"Яғни, бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн жұмыс істейтін болады, бесінші күн демалады» деді ол.
О.Ахметбаевтың айтуынша, бұл режим сегіз сағат істейтіндерге ғана қатысты болмақ.

Соңғы жаңалықтар