Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Путинцева бұл жеңісімен тарихта қалады. Өйткені, ол - қазақстандық теннисшілердің арасынан алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын ұтып отыр.

  • 21 Маусым 2019
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы (Жапония) жеңді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Путинцева Осаканы Ұлыбританияның Бримингем қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында 2-0 (6:2, 6:3) есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық теннисші ширек финалда Юлия Гëргеспен (Германия) ойнайды.

Путинцева бұл жеңісімен тарихта қалады. Өйткені, ол — қазақстандық теннисшілердің арасынан алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасын ұтып отыр.

Юлия Путинцева 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан ойнайды. Ол қазір WTA рейтингінде 43 орында келеді. Қазақсатндық теннисшілер арасында бірінші номер.