Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияда жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияда жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияда жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Гамбургте өткен АТР турнирінің ақтық кезеңінде жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантып тастады. Әлемдік теннистің таңдаулы өкілдері қатысқан бұл жарыста қазақстандық спортшы абсолюттік чемпион атанды және мансабындағы алғашқы титулын жеңіп алды.

  • 26 Шiлде 2010
  • 395
Фото - Caravan.kz

Әзірге әлемнің 82-ші ракеткасы саналатын Андрей Голубев финалдық кездесуде әлемнің 15-ші ракеткасы австриялық Юрген Мельцерді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Гамбург турниріндегі титул Андрейдің мансабындағы алғашқы атақ. Естеріңізге сала кетейік, Гамбургте өткен турнирдің жүлделік қоры жарты миллионнан астам еуроны құрайды. Бұл чемпионаттағы жеңіс қазақстандық спортшыға 228 мың еуро жүлде қорын және 500 рейтингілік ұпай санын әкеліп отыр.