Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бразилияда өткен халықаралық турнирдің екі мәрте жеңімпазы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бразилияда өткен халықаралық турнирдің екі мәрте жеңімпазы болды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бразилияда өткен халықаралық турнирдің екі мәрте жеңімпазы болды

Қазақстандық жас теннисші Анна Данилина Бразилияда ITF-Junior сериясы бойынша өткен "29th Copa Gerdau de Tenis" халықаралық турнирінде жеңімпаз болды.

  • 26 Наурыз 2012
  • 448
Фото - Caravan.kz

Аталмыш спорт бәсекесінде 10 нөмірде өнер көрсеткен А.Данилина бірінші айналымда колумбиялық Лаура Юкрусты 6:1 және 7:5 есебімен ойсыратты. Екінші айналымда словакиялық спортшы Наталья Вождованы 6:1 және 6:4 есебімен тізе бүктірді. Үшінші айналымда американдық Денси Стардан 6:4 және 6:4 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда ол алаң иесі — бразиялиялық Лаура Пингоссимен кездесіп, оны да 6:4 және 6:4 есебімен жеңсе, жартылай финалда АҚШ теннисшісі Торнадо Алисияға қарсы шығып, оны тағы да 6:4 және 6:4 есебімен жеңді.

Ақтық ойында жерлесіміз қайтадан бразилиялық спортшымен бақ сынасты. Бұл күнгі жарысқа жиналған жанкүйерлердің барлығы Беатрис Хадад Майюға қол соғып, оның осы турнирдің жеңімпазы атанатынына сенімді болды. Алайда, бразилиялық спортшы жанкүйерлердің сенімін ақтай алмады. Есеп — 6:2 және 6:3. А.Данилина осылайша, Бразилияда өткен турнирдің екі мәрте жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші сонымен қатар, осы турнирдің жұптық ойындарының да жеңімпазы болды. Бұл жарыстың ақтық ойындарында ол Анна поляк Зузана Мациевскамен бірлесіп, перулік Ферни Анджелес Паз бен аргентиналық Мария Констанца де лас Мерседес Веганың жұбын 2:6, 6:3 және 10:1 есебімен ойсырата жеңді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера