Қазақстандық теннисші Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Бразилиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко мен бразилиялық Дутра Да Силва Ресифиде (Бразилия) теннистен ITF M25 турнирінің жеңімпазы атанды.

  • 12 Наурыз 2024
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық кездесуде қазақстандық-бразилиялық жұп бразилиялық жұптар – Луис Бритто мен Сараива Дос Сантосты 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Жекелей сында Дмитрий рекордтық сериясын ұзарта алмай, қатарынан 24-жеңісіне қол жеткізді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық теннисші аргентиналық Хуан Пабло Фиковичтен 4:6, 7:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Попко бұған дейін АҚШ-та ITF бойынша үш турнирде қатарынан жеңіске жетіп, Аргентинадағы турнирдің финалына шыққан болатын, онда ауа райының қолайсыздығына байланысты шешуші кездесу өткізілмей, ұйымдастырушылар жүлде мен рейтинг ұпайларын финалистер арасында бөлісті.