Қазақстандық теннисші Канадада өтіп жатқан «Rogers Cup» турнирінің 3-ші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Канадада өтіп жатқан «Rogers Cup» турнирінің 3-ші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Канадада өтіп жатқан «Rogers Cup» турнирінің 3-ші айналымына шықты

Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан «Rogers Cup» турнирінде қазақстандық теннисші сәтті өнер көрсетуде.

  • 12 Тамыз 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

Жүлде қоры 2 миллион доллардан асатын бұл дүбірлі додада WTA рейтингінде 135-ші сатыда тұрған Галина Воскобоева үздіктер қатарындағы бірқатар спортшылардан басым түсті. Мәселен негізгі кестеде 1-айналымда франциялық Марион Бартолиды 2:0, 2-айналымда итальяндық Флавио Пеннеттен 2:1есебімен басым түсті. WTA рейтингіне көз жүгіртсек Марион 9-шы, Флавио 25-орында тұр. Галина енді әлемдік рейтингте үздік бестікті түйіндеп тұрған ресейлік Мария Шараповамен кездеседі. Қазақстандық теннисші жарыстың іріктеу кезеңінде бұған дейін Катарина Бондаренко (2:1) мен Анастасия Севастоны (2:0) жарыс жолынан шығарған болатын.