Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінің ақтық сынында жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінің ақтық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінің ақтық сынында жеңіліп қалды

Кеше, жексенбі күні қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінің ақтық сынында француз Андриану Маннаринодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Чемпионат. Ру сайтына сілтеме жасап.

  • 16 Тамыз 2010
  • 446
Фото - Caravan.kz

Ыстамбұлдағы ATP Челленджер сериялы турнирінде М.Кукушкиннің жолы алғашқы айналымда чехиялық Ян Хернушамен (6:4, 6:3), екінші кезеңде неміс Денис Гремельмайермен (6:3, 6:1), ширек финалда ресейлік Константин Кравчукпен (6:2,6:2) және жартылай финалда португалиялық Фредерико Джилмен (7:5, 6:4) түйісіп, барлық ойындарда да жерлесіміз жеңіске жетті.

Алайда, финалда Қазақстаннан келген теннисші Маннаринодан үш сетте — 6:4, 3:6, 6:3 есебімен тізе бүкті. 2008 жылы Англиядағы Челленджер сериялы турнирінің алғашқы айналымында осы екі ойыншы кездескен болатын. Ол кезде де Маннарино М. Кукушкиннен (6:2, 6:4) айласын асырған еді.