Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің ширек финалына шықты

Швейцарияда өтіп жатқан Гштаад АТР сериясы турнирінің екінші айналымында португалдық Фредерико Жилді 6:3, 6:3 есебімен ұтқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды.

  • 30 Шiлде 2010
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазақстандық спортшы ширек финалда АТР рейтингісінде 14-ші орында тұрған ресейлік Михаил Южныймен бақ сынасады.

Сонымен қатар қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин де екінші айналымда румыниялық Петру-Алехандру Лунчаноны ұтып, ширек финалда словакиялық Марек Семжамен ойнайтын болды.