Жарияланды: 260

Қазақстандық теннисшілер Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды

Қазақ елінде таэквондо өнерін дамыту мақсатында 2008 жылы Алматыда «Барыс» орталығы құрылды. Іргесі қаланған тұстан бері орталық  спортшылары  Қазақстанның ұлттық және  жастар мен  жасөспірімдер құрама командалары сапынан шет қалып көрген емес.    Қалыптасқан дәстүрге сай  бүгін «Барыс» таеквондо орталығының  2012 жылғы үздік спортшыларын  марпаттау рәсімі өтті.

2012 жылы  «Барыстың»  21 спортшысы   Қазақстан ұлттық және жастар құрама командалары сапында өнер көрсетіпті. Бәрінен де  «Барыстың» он жетіге енді толған өрімдей жастары  Шымкентте өткен еліміздің ересектер чемпионатында олжа салғаны қуантады.  Теңізбаев, Мұқаманов және  Алдоңғарова  алтыннан алқа тақса,  алдарына тек алаң иелерін жіберген  «Барыстың» бағландары командалық екінші орынды иеленді. Одан басқа  орталық таеквондошылары «Азия балалары» ойындары және «А» дәрежелі халықаралық турнирлер мен   Қарулы күштер арасындағы әлем чемпионатынан  табысты оралды. Орталықтың әкімшілік кеңесінің шешімімен 2012 жылдың ең үздік спортшысы деп Фариза Алдоңғарова  танылыпты.  Барыстың үздігіне арнайы «Барыс » кубогы табыс етілді. 

Фариза Алдоңғарова, Азияның күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы:

- Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Мұның бәрі мені тәрбиелеген бапкерлерімнің еңбегі. Оларға және ата-анама мың да бір рахмет.  Арманым көп. Ең бастысы, Қазақстан құрамасы сапында  табысты өнер көрсетіп  қалың елді қуантсам деймін. 

 

 

Қазақстандық теннисшілер Ксенья Первак пен Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды. Ал ерлер арасында сынға түскен Михаил Кукушкин алғашқы кезеңнен әрі асқан жоқ.

Әлемнің үшінші ракеткасы британдық Энди Маррей алғашқы кездесуін голландиялық Робин Хаске қарсы ойнады. Не бары 1 сағат 47 минутқа созылған бәсекеде Маррей 6:3, 6:1 және 6:3 есебімен айқын жеңіске жетті. Әйелдер арасында бірден бір фоварит саналатын Серена Уильямста еш қиналмастан румын қызы Эдина Галловиц-Холдан басым түсті. Мұндағы есеп 6:0,6:0. Бірақ бұл кездесу Уильямс үшін сәтсіз басталды. Алғашқы сеттің ортасында аяғын қайырып алған Уильямс дәрігерлердің көмегінен кейін турнирды жалғастыратынын мәлімдеді.   

 

 

Әйгілі америкалық велошабандоз Лэнс Армстронг допинг қабылдағанын мойындады.

Бұған дейін допингке қарсы агенттік танымал спортшыға тыйым салынған дәрі дәрмекті пайдаланғаны үшін өмір бойына үлкен спорттан аластатқан болатын. Осы уақытқа дейін допинг қабылдағанын жоққа шығарып келген велошабандоз өз кінәсін мойындау арқылы жазаны жеңілдетуді көздеп отыр. Ол енді тыйым салынған дәрі-дәрмекті серік еткен көптеген спортшылардың есімін жариялаймын деп жар салған. Естеріңізге сала кетсек допингке қарсы агенттік Лэнс Армстронгтың әділетсіз жеңістерін жоққа шығарып, барлық атақ даңқынан айырған. Оған қоса “Тур де Франс” көпкүндігінде алған үш миллион доллор көлеміндегі сыйақыны да қайтаруды талап еткен болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін