Қазақстандық теннисшілер тайпейлік спортшыларды 3:0 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисшілер   тайпейлік  спортшыларды  3:0 есебімен  жеңді

Қазақстандық теннисшілер тайпейлік спортшыларды 3:0 есебімен жеңді

Таиландта өтіп жатқан Федерациялар кубогында қазақстандық теннисшілер бүгін қытайлық Тайпейдің командасын жеңді,

  • 3 Ақпан 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бірінші кездесуде 17 жасар қазақстандық Зарина Дияс Тинг-Фей Жуанды 6:0, 6:2 есеппен жеңіп, құраманы алға шығарса, екінші кездесуде Сесиль Каратанчева Чин-Вей Чанды 6:2, 7:6 есеппен жеңді.

Ал жұптық ойында қазақстандық спортшылар Сесиль Каратанчева мен Галина Воскобоева Тинг-Фей Жуан/Ю-Лин Миаоның жұбынан басым түсті. Осылайша, «Қазақстан — Қытайлық Тайпей» кездесуінің қорытындысы 3:0 есебімен аяқталды.

Жұма, 4 ақпан күні Қазақстан құрамасы өзі өнер көрсетіп жатқан «В» тобында Оңтүстік Корея командасымен күш сынасады.