Қазақстандық теннисшілер турнирлерде сәтті ойнауда - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисшілер турнирлерде сәтті ойнауда

Қазақстандық теннисшілер турнирлерде сәтті ойнауда

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жүлде қоры 85 мың еуроны құрайтын Туриндегі Челленджер сериясы турнирін сәтті бастады.

  • 1 Шiлде 2010
  • 602
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты Қазақстан Теннис федерациясы таратып отыр.

Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші испандық Иван Наварроны 6:3, 7:6 есебімен ұтты. Оның келесі айналымдағы қарсыласы аргентиналық Карлос Берлок.

Сонымен қатар еліміздің тағы бір теннисшісі Юрий Щукин Германиядағы Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына жолдама алды. Ол алғашқы айналымда неміс Андреас Бекті 3:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Келесі айналымда қазақстандық теннисші украиндық Иван Сергеевпен ойнайды.