Жиын барысында әлем елдерінен жиналған төрешілер емтихан тапсырып, әлемдік сындарға төрелік ету құқығын алуға тырысты. Бұл емтиханға қатысқан қазақ төрешісі Рақымжан Рысбаев ең жоғары 35 ұпайды иеленіп, «АИБА-ның бес жұлдызына» ие болды. Қазақ төрешісімен бірге бес жұлдыз аргентиналық Херардо Поггиге де бұйырды, деп хабарлайды «Аламан».