Қазақстандық төрт атлетші Рио-дан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық төрт атлетші Рио-дан шеттетілді

Қазақстандық төрт атлетші Рио-дан шеттетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Рио-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Алайда төрт олимпиада чемпионы Рио-2016-дан шеттетілді.

  • 25 Маусым 2016
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы prosportkz.kz хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасына РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді. Бірақ допинг дауына байланысты екі жолдамасынан айырды. Енді қазақстандық зілтеміршілер он емес сегіз спортшы болып Бразилияға аттанады.

Сондай-ақ, допинг қолданған төрт Олимпиада чемпионымыздың (Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова) РИО-ға бармайтыны белгілі болды. Олардың тағдыры алдағы уақытта шешіледі.


Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында шетелдік БАҚ ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бір жылға спорттан шеттетілгенін жазған болатын.