Қазақстандық тұрмыстық техника дүкендері тауарларын жаңа бағамен сатуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық тұрмыстық техника дүкендері тауарларын жаңа бағамен сатуда

Қазақстандық тұрмыстық техника дүкендері тауарларын жаңа бағамен сатуда

Қазақстанда ақша айырбастау пункттері күнделікті тәртіпте жұмыс істеуде,

  • 21 Тамыз 2015
  • 828
Фото - Caravan.kz


қазақстандық тұрыстық техника дүкендерінің сайттарында бейсенбі күнгі теңгенің құлдырауы салдарынан тауарларға баға өзгерген.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу құны 248/$1, сату — 250/$1, Астанада долларды сатып 250/$1, сату — 252/$1 құрады.
"Бүгін адам көп емес. Біз әлі де екіойлы болып отырмыз, биржадан хабар күтіп отырмыз, теңге бағамын өзгертуге дайынбыз", — деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісіне Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің бірінен.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінен де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне кезектің жоқ екендігі мәлімденді.
"Қолда доллар бар, адам аз ", -деп атап өтті агенттікке сұхбатберуші.
Алайда, тұрмыстық техника дүкендері өз сайттарында тауарларға жаңа баға қойған.
"Барлық тауарлардың бағасы көтерілді. Сайтта көрсетілген баға дұрыс", — деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Белый ветер"дүкендер желісінен.
"Технодом"  тұрмыстық және компьютерлік техника дүкендер желісінде де баға көтерілген.
«Иә,баға көтерілді. Білуімше, әр бөлімде әрқалай көтерілген. Сайтта шынайы бағалар», — деді агенттікке сұхбатберуші.
"Мечта"  тұрмыстық техника дүкендер желісінде кейбір тауарларға ғана баға көтерілген.
"Бағалар 20-30 пайызға көтерілді, алайда кейбір тауарларға бағалар сол күйінде қалды. Тек шетелдік валютаға сатып алынатын тауарға баға көтерілді. Samsung, LG техникаларына баға сол күйінде қалды", — дейді компаниядағылар.
Сайтта бағалар әзірге өзгерген жоқ.
Ал Астанада кейбір киім дүкендері өз жұмыстарын тоқтатқан.
Айта кетейік, Қазақстан 20 тамыздан бастап, теңгенің еркін құбылмалы бағам режиміне өткен болатын.21 тамыздағы ресми бағам — 255,26/$1.

Соңғы жаңалықтар