Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында Вьетнам құрамасынан басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында Вьетнам құрамасынан басым түсті

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарында Вьетнам құрамасынан басым түсті

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында қазақстандық волейболшы жігіттер алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

  • 17 Қараша 2010
  • 460
Фото - Caravan.kz

Олар Вьетнам құрамасынан 96:78 есебімен (25:19, 21:25, 25:11, 25:23) басым түсті. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы ойында үндістандықтарға 88:99 есебімен (26:24, 23:25, 18:25, 11:25) ұтылған болатын. Қазақстандықтар бүгін енді Азия ойындарының алғашқы кезеңдегі ақырғы кездесуін Оңтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Кореялықтар бұған дейін жалпы есепте вьетнамдықтарды 75:38 (25:12, 25:10, 25:16), ал үндістандықтарды 87:58 (25:19, 25:20, 25:19) етіп ұтқан болатын.