Онда Бақытжан Байтөреев жаттықтыратын қазақстандықтар Польша құрамасына 3:0 (25:20, 25:12, 25:20), Қытай құрамасына 3:1 (25:16, 19:25, 25:20, 25:21), ал Доминикан құрамасына 2:3 (25:15, 25:27, 25:21, 15:25, 9:15) есебімен есе жіберді. Енді әлемнің үздік 16 командасы арасында өткен FIVB Әлемдік Гран-Приінің 24-28 тамызда Қытайдың Макао қаласында өтетін ақтық кезеңі Бразилия, АҚШ, Ресей, Сербия, Италия, Жапония, Таиланд және Қытай волейболшылары арасында өтеді. Қазақстан бұл дүбірлі додада 2 ұпаймен 15-і орынға табан тіреді. Бұл тізімді Перу спортшылары түйіндеп тұр.
Жалпы FIVB Әлемдік Гран-Приінің Қытайдың Луохе қаласында 5-7 тамызда өткен алғашқы кезеңінде Қазақстан «Д» тобында Қытай, АҚШ, Сербия құрамаларымен бақ сынап бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмаған еді. Екінші кезеңде «F» тобындағы командалардың 2-14 тамызда Алматыда өткен сынында Италия, Бразиялия, Тайланд құрамаларымен сынға түсіп алғашқы ұпайын иеленді. Оны олар әлемдік рейтингте үздік 4-төрттікке енген Италия құрамасымен (2:3) болған ойында алған еді. Енді екінші ұпайын 3-кезеңде доминикандықтардан (2:3) алып отыр.