Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телеарнасы кубогы» турнирінде бесінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телеарнасы кубогы» турнирінде бесінші орын алды

Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телеарнасы кубогы» турнирінде бесінші орын алды

Волейболдан әйелдер командалар арасында 14-21 шілде күндері Вьетнам елінің Винь Пхук қаласында дәстүрлі «Вьетнам телеарнасы кубогы» турнирі өтті.

  • 23 Шiлде 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы онда 5-орын алды. Олар топтық кезеңде КХДР мен Тайланд құрамаларын ұтқанымен, жапондықтардан ұтылған болатын. 5-8 орын болған сында Австралия волейболшыларынан басым түсіп, 5-орын үшін болған сайыста тайландтықтарды сүріндірді. Ал ақтық сында кездескен Жапония мен КХДР спортшылары арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Жапония бірінші, КХДР екінші, Оңтүстік Кореяның «ІВК» командасы үшінші, Вьетнам төртінші, Қазақстан бесінші, Тайланд алтыншы, Австалия жетінші, ал Қытайдың «Jiangsu» командасы сегізінші орын алды.