Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телевидениесі кубогы» жарысында солтүстіккореялықтардан 3:1 есебімен басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телевидениесі кубогы» жарысында солтүстіккореялықтардан 3:1 есебімен басым түсті

Қазақстандық волейболшылар «Вьетнам телевидениесі кубогы» жарысында солтүстіккореялықтардан 3:1 есебімен басым түсті

Волейболдан әйелдер арасында Винь Пхук қаласында өтіп жатқан «Вьетнам телевидениесі кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетуде.

  • 18 Шiлде 2012
  • 449
Фото - Caravan.kz

14 шілдеде басталған бұл байрақты бәсекеде Александр Гутор жетекшілік ететін қазақстандықтар «В» тобындағы қарсыластарынан жексенбі күні тайландтықтарды 3:0 (25-18, 26-24, 26-24), ал кеше КХДР құрамасын 3:1 (25-16, 25-21, 17-25, 25-19) есебімен ұтты. Ертең енді топтық кезеңдегі ақтық ойынын жапон волейболшыларымен өткізеді.

Жапония құрамасы бұған дейін Тайландты 1:3 есебімен ұтқанымен (15-25, 23-25, 25-23, 18-25), солтүстіккореялықтарға дәл осындай есеппен (27-25, 23-25, 25-22, 25-22) есе жіберген болатын. Сенбі күні аяқталатын бұл бәсекеде «А» тобында Вьетнам, Австралия құрамалары және Қытайдың «Jiangsu» мен Оңтүстік Кореяның «IBK» командалары өнер көрсетуде. Онда жарыс қожайындары көш бастап келе жатыр. Олар австралиялықтарды 3:0, ал оңтүстіккореялықтарды 3:2 есебімен ұтқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера