Қазақстандық З.Дияс Куала-Лумпур турнирінің екінші айналымына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық З.Дияс Куала-Лумпур турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық З.Дияс Куала-Лумпур турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты.

  • 1 Наурыз 2016
  • 382
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина осы турнирдің төртінші ракеткасы, неміс теннисшісі Анника Бекті сағат жарымға созылған уақытта 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді. З.Дияс матч барысында бес брейкке қол жеткізді. Әсіресе, бірінші партияда 3:5 есебімен жеңіліп жатып, кейінгі төрт геймді қатарынан ұтты.

Қазақстандық теннисші бұдан бұрын да А.Бекті бір мәрте ұтқан болатын. З.Дияс екінші айналымда осы турнирде ресейлік Александра Панованы жолдан тайдырған қытайлық Чжу Линьмен кездеседі.

Айта кетейік, биылғы жарыстарын сәтсіз өткізген З.Дияс әлемдік рейтингте 95-інші орынға дейін төмендеп кеткен болатын. Ал аталмыш турнирдің жүлде қоры — 226750 АҚШ доллары.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера