Қазақстандық жағажай волейболшылар арасында Ресейдің ашық кубогында бесінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылар арасында Ресейдің ашық кубогында бесінші орын алды

Қазақстандық жағажай волейболшылар арасында Ресейдің ашық кубогында бесінші орын алды

Зеленоград қаласында 23-26 тамыз күндері жағажай волейболынан әйелдер арасында Ресей ашық кубогы мен Шығыс Еуропа аймақтық волейбол қауымдастығы (EEVZA) чемпионатының ақтық турнирі өтті.

  • 27 Тамыз 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz


Оған Ресей, Латвия, Эстония, Украина. Белорус және Қазақстаннан 24 команда қатысты. Онда ел намысын қорғаған Ирина Цымбалова мен Татьяна Машкова жұбы топтық кезеңнен сүрінбей өтіп, 1/8 финалда өз тобында екінші орын алды. Қазақстан Шығыс-Еуропа аймақтық волейбол қауымдастығына мүше болмаса да, қазақстандықтар ширек финалға дейін жетіп, бесінші орынға қол жеткізді. Олар топтық кезеңде «Обнинск» командасын 2:1 есебімен ұтып, «ФРПВ-ЦСП-«Измайлов» командасының бірінші жұбын 2:0 есебімен ұтып, екінші жұбына 1:2 есебімен ұтылды. Ал 1/8 финалда «ВЦМО» командасын 2:0 есебімен ұтып, ширек финалда «ЕЕVZA» командасына 0:2 есебімен есе жіберді.