Қазақстандық жағажай волейболшылар Лондон олимпиадасына жолдамалар үшін сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылар Лондон олимпиадасына жолдамалар үшін сынға түседі

Қазақстандық жағажай волейболшылар Лондон олимпиадасына жолдамалар үшін сынға түседі

Қазақстандық жағажай волейболшылар 20-24 маусым күндері Қытайдың Фучжоу қаласында өтетін Құрлықтық кубоктың ақтық кезеңіне қатысады.

  • 18 Маусым 2012
  • 490
Фото - Caravan.kz

Онда ерлер мен әйелдер арасында Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын болады. Бұл байрақты бәсекеде ерлер арасында 10 елден — 20, ал әйелдер арасында 9 елден 18 жұп қатыспақ. Қазақстан намысын онда Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов және Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова, Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғайтын болады.

Бұл доданың қарсаңында Қытайдың Хайян қаласында өтіп жатқан ІІІ Азиялық жағажай ойындарында А.Сидоренко мен А. Дьяченко күміс, Д.Яковлев пен А. Кулешов қола жүлдегер атанған еді. Ал жартылай сынға дейін сүрінбей келген Т. Маушкова мен И. Цимбалова 4-орынға табан тіреген болатын. Ал Б. Самалықова мен Л.Богату оған қатысқан жоқ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера